Президент Анар Жайылғанованың жақындарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет және қоғам қайраткері Анар Жайылғанованың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. «Анар Нұралықызы еселі еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне бар күш-жігерін жұмсады. Көптеген игі іске атсалысып, өзін білікті маман ретінде көрсете білді. Нағыз мемлекеттік қызметшіге тән қалпымен абыройлы қызмет атқарған»,— деп жазылған жеделхатта.