Хабар телеарнасы

Риддердегі ЖЭО апаты: зардап шеккендер палатаға ауыстырылды

Риддердегі жылу электр орталығында болған оқыс оқиғадан зардап шеккен жұмысшылардың барлығы жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. «Олардың жағдайы тұрақты»,– дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы. Естеріңізге салсақ, 20 желтоқсанда таңсәріде көмірді жеткізу желісін жөндеу-дәнекерлеу кезінде газды ауа қоспасы жарылып, алты адам зардап шеккен еді. Күйік шалған үш адам Риддер қалалық ауруханасында ем алса, қалған үшеуі Өскеменге жеткізілген. Қазір олар ем қабылдап жатыр. Ал бүгін облыстық еңбек инспекциясы тарапынан арнайы комиссия құрылып, тексеріс басталып кетті. Нәтижесі он күннен соң жарияланады.