Хабар телеарнасы

Елдегі электр қуатының өндірісі артады

Жаңа қуат көздерін қосу арқылы елдегі электр қуатының өндірісі 7,3 гиговатқа артпақ. Бұл туралы Үкіметте өткен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мәселесіне арналған кеңесте айтылды. Бүгінде электр энергиясын өндірудегі 15 жобаны іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған 14 нысан жаңғыртылады. Бұдан бөлек, ескірген жылу көздерінің үлесін 53 пайыздан 40 пайызға дейін, ал электрқуаты көздерінің үлесі 62 пайыздан 45 пайызға дейін төмендетілмек. 2029 жылға дейін бұл мақсаттарға 7 трлн теңгеге жуық қаржы бөлінеді. Премьер-министр Олжас Бектенов энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба, тозған инфрақұрылымның үлесін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды тапсырған еді.