Еліміздегі су қорғау аймақтарында кейбір шаруашылық қызмет түрлері заңсыз жүргізіліп отыр
Осындай бірқатар мәселелер еліміздегі су ресурстарының дамуына кедергісін келтіріп отыр дейді депутаттар. Жағдайдың шиеленісуіне құзіретті органдардың жауапсыздығы мен салғырттығы да өз әсерін тигізіп отыр. Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министрге осы мәселе төңірегінде сауал жолданды.
Ғани Ташқараев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
-Кейбір дереккөздерден алынған деректерге сүйенсек, «Казводхоз» 2021 жылы енгізуге жоспарланған және бюджеттен құны төленген объектілердің 30% ғана пайдалануға берген. Осы орайда айта кететін жайт, кіші су қоймаларын салу ауыз су тапшылығын болдырмауға мүмкіндік береді. Еліміздегі су қорғау аймақтарына мониторинг жасалып, нысандардың экологиялық қауіпсіздіктеріне тексеру жүргізілсін. Су ресурстары комитеті кіші су қоймаларын салып, жол картасын жасау тапсырылсын. Осы депутаттық сауалдың нәтижелерін заңда белгіленген тәртіппен қарастыруларыңызды сұраймыз.