Қостанай облысындағы орман шаруашылығының басшысы абақтыға қамалды
Қыркүйектің басында осы аумақта тұтанған алапат өртпен құтқарушылар апта бойы күрескен еді. 43 мың гектар орман мен 91 тұрғын үй күлге айналып, 2 мыңдай адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Баспанасыз қалғандар туыстары мен аудан орталығындағы мектептерде ұйымдастырылған эвакуациялық бекетке орналастырылды. Үйсіз-күйсіз жандарға 2 жарым айда жаңа қоныс салынады.