Қарағанды облысында 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
Басқосуда ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарының басшылары жердің құнарсыздануы, құдық тапшылығы, субсидияның төмен деңгейі, дизельдің бағасы сынды мәселелерді көтерді.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының Атқарушы хатшысы:
-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайдаланылмай жатқан және жеке меншікке заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырмасы бар. Қарағанды облысында 1 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтетін болады.