Ақтөбеде 42 оқушыға мантудың орнына БЦЖ вакциансының егілуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Қылмыстық кодекстің 317-бабы яғни медицина немесе фармацевтика жұмыскерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, қаладағы №74 орта мектептің бірінші сынып оқушыларына ревакцинация жасағаннан кейін, екпе салған жер қызарып, іріңдеп кеткен. Кейін белгілі болғандай, балаларға сынама жүргізілмей БЦЖ салынған. Әрі медицина қызметкерлері екпені әдеттегідей иыққа емес, білекке еккен. Қазір денсаулық сақтау басқармасы тарапынан құрылған комиссия да жұмыс істеп жатыр.
Қанат Қазмұханбетов, Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы прокурорының орынбасары:
-Қазіргі таңда аталған дерек бойынша уәкілетті органдармен тексеріс жүргізілуде. Аталған мектеп 2020 жылдан бастап «Медикус центр» орталығымен медициналық кабинетті қайтарымсыз жалға алуға келісімшартқа отырып, медициналық қызметті жүргізген. Аталған қылмыстық істі Ақтөбе облысының прокуроры Дәуешов жеке бақылауына алды.