Президент Жолдауы жаңа саяси дәуірді айқындайды
Қазақстандық қоғамдық даму институты ұйымдастырған бұл жиында сарапшылар Жолдаудан бөлек, алдын ала сайлауды да талқылады.
Бауыржан Серікбаев, сарапшы:
-Қазақстанда қазіргі таңда жүргізіліп жатқан реформалар, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, саяси жағдайы, саяси реформалар, Президент Жолдауы деген өзекті мәселелерді талқылап, сосын мына халықпен, қоғаммен кері байланыс негізінде белгілі бір ұсыныстар әзірлейміз.