Жамбыл облысында дәрігер тапшы
Ал аталған мамандықтарды игеру үшін интернатура мен 2-3 жылдық резидентураны тәмамдаулары шарт. Студенттер оқу ақысын төлей алмағандықтан, әрі қарай білімін жетілдіруден бас тартады. Сондықтан облыстық денсаулық сақтау басқармасы 63 маманды жергілікті бюджет есебінен оқытуды жөн санаған.
Дәулет Ахметбеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
- 42 маман бізде жергілікті бюджет есебінен бірінші курстан бастап жалпы медицинаны оқып жатыр. Резидентураға жергілікті бюджет есебінен қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге дейін 2019 түскен мамандардың қазір он алтысы келіп отыр. Аудандардың барлығына орналасып, қазір жұмыстарына кірісті.