Мегаполисте есту қабілеті нашар 7 бала айналадағы дыбысты есту мүмкіндігіне ие болды
Дәрігерлер құрылғыны аудиопроцессорға қосты. Бірегей операция Қазақ ұлттық медицина университетінің «Ақсай» клиникалық балалар ауруханасында жасалды. 5 жастағы Сырым Сәрсембайды атасы мен апасы Қызылордадан апарған. «Операция орны толық жазылған соң, дыбыс құрылғысын қостыруға асықтық»,—дейді олар. Сырымның екі құлағының қалқаны туғаннан жоқ. Ішкі құлақтың есту жүйесі сақталғандықтан, имплант сүйекке орнатылған. Мамандар: «Енді біртіндеп сөйлей де бастайды»,—дейді.
Сәрсенбай Алмасбаев, Сырымның атасы:
- Жақсы естіп тұр. Енді одан әрі үйренісіп кететін шығар дейміз. Бірден бола қоймайды ғой. Дыбыстың қайдан шыққанын толық бірден аңғара алмай тұр. Бірақ жақсы 100 пайыз естіп тұр бала. Аппарат арқылы жақсы естіп тұр. Әрі қарай жақсы болып кететін шығар дейміз.
Мария Кириллова, сурдолог-дәрігер:
- Балалар қатардағы адамдар сияқты естиді, расында олардың есту қабілеті толығымен қалпына келтірілді. Болашақта олар балабақшаларда, білім беретін мектептерде білім алып, жоғары оқу орындарына түсе алады. Дыбыс есту жағынан ешқандай шағымдар болмайды. Әрине, алдағы уақытта баланың сөйлеуін жақсарту үшін сурдопедагог пен логопедтің көмегі қажет.