Астанада «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті
Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Сенат Төрағасының қатысуымен «Ұлттық мүдде» диалог алаңының отырысы өтті. Мәулен Әшімбаев тәуелсіздік күнінің елдің қоғамдық-саяси өмірі мен тарихында маңызы зор екеніне тоқталды. Ал жиынға қатысушылар тарихқа үңіліп, одан тағылым алуға мән берудің маңыздылығын тілге тиек етті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- Мемлекеттік туралы деклорацияны қабылдау еліміздің еркіндік жолындағы аса маңызды жүйеленген саяси-құқықтық, қадамы болды. Осы ретте бұл құжаттыңда оңалықпен қабылданбағандығын айта кеткен жөн. Сол кездегі жоғарғы кеңес депутаттары құжаттың әр тармағына, оның ұлттық мүддеге қатысты тұстарға баса мән берді. Оларды қорғау үшін қызу талқылаулар болғаныда белгілі.