Қарағанды облысында жол жөнделіп жатыр
Осы ауалдардағы тұрғындар аталған бағытпен облыс орталығы Қарағандыға, елордасы Астанаға қатынайды. Тәулігіне кемі 2 мыңға жуық көлік жүреді. Жалпы, биыл Қарағанды облысында 1 200-шақырымға жуық жол жөнделді. Оның 350 шақырымнан астамы облыстық маңызға ие.
Владимир Ким, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы:
-Бұл жолдың техникалық регламентке сай келмеуі соңғы уақытта өткір мәселеге айналып, тұрғындар тарапынан жиі көтерілген болатын. Осакаров пен Молодежный арасында ондаған елді мекен бар. Бұл осы жолмен 15 мыңға жуық адам жүреді деген сөз. Сондықтан қазіргі уақытқа дейін бас-аяғы 28 шақырымы жөнделді. Қалған 43 шақырым жолдың техникалық жағдайы III санатты талапқа сай келеді.