Қарағанды облысы инженерлік инфрақұрылымдар тартылады
Яғни келем дегендер тегіс жол, абаттандырылған аумақта тұрып, инженерлік қажеттіліктен таршылық көрмейді.
Мұрат Мағзин, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы:
- Биыл екі газ құбырын тарту бойынша екі темір жол, су құбыры, канализация, электрмен жабдықтау бойынша жұмыстар аяқталады. Келер жылы тұрмыстық қалдық пен өндірістік қалдық шығаратын екі насос станция бар, сол жұмыстар келер жылға көшеді. Жол құрылысы мен абаттандырулар келер жылға көшеді бізде.
Қарағанды облысы әкімінің қатысуымен өткен үйлестіру кеңесінде Саранда жаңа 3 жобаны жүзеге асыру мәселесі қаралды. Оның бірі фармацевтика саласына қатысты. Болашақта Саранда дәрі-дәрмек өнімдері де шығарылуы мүмкін.
Жақсылық Ахметбеков, «Сарыарқа» ӘКК» ҰК департаментінің басшысы:
- Қазақстан мен Индияның біріккен компаниясы бар, фармацевтика өндірісі бойынша қызығушылық танытып отыр. Қаралып жатыр, құжаттарын жинап жатыр. Болған соң бізге енгізеді. Кейін облыстық үйлестіру кеңесіне шығарылады.
Индустриялды аймақтың жалпы көлемі 207 га. Ол қазір 80% игерілген. Яғни инвесторларға қолайлы жағдай жасалып отыр. Бұл облыс үшін де тиімді. Себебі ондағы барлық жобаның инвестициялық қуаты 200 млрд теңгеден асып, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылады.
Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Зарина Зұлпыхар