Хабар телеарнасы

Елордада «Желілік парк» аумағында «Нөлдік шақырым» белгісі ашылды

Сонымен қатар әлемнің жетекші елдерінің астаналарының қақ ортасында орналасады. Ұзындығы 4 метр болатын стеллада 17 қаланың бағытын көрсететін садақ жебелер бейнеленген. Қазақ елінің болмысын көрсету үшін түпкі бөлігіне ат байлайтын бағанасы да бар.

Ернұр Кенжебеков, «Қазақ туризм» ҰК баспасөз хатшысы:
- Осы жоба туристерге тартымды. Әрі қарай қызығушылық көбейген сайын осындай МАФ алдағы уақытта түрі өзгеріп,оған еліміздің басқа туристік аймақтары да қосылуы мүмкін. Имидждік тұрғыда жақсы бір жоба болады деп сенеміз.