Қазығұрт ауданында мал арасынан бруцеллез анықталды
Яғни індет жұқтырған мал мен жайылған төрт түлік уақытша оқшауландырылған. Ал қан сынамасынан бруцеллез анықталған жануарлардың барлығы арнайы орында сойылып, еті өңделген. Мал иелеріне өтемақы төленеді. Жалпы облыс бойынша 10 айда 76 малдан бруцеллез ауруы анықталған.
Марат Жүнісов, облыстық Аумақтық инспекциясының биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы
-Қазіргі таңда осы ауру анықталған жерлерде 5 ошақ болып белгіленіп, 5 ошақта шектеу белгілері жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл енді қауіпті аурулардың қатарында, бірақ созылмалы ауру болып есептеледі. Бұны емдемейміз, санитарлық союға жібереміз. Өңделеді, қайнатылған шұжық , тағы басқа тағам жасалады. Адамдарда емделеді, бірақ дегенмен созылмалы болып қалып қояды.