Интернет алаяқтардың сайттарын бұғаттауға арналған стартап пайда болды
Оған 10 мыңнан аса қазақстандық тіркеліп, акцияларды сатып алуға ниеттеніпті. Мамандардың сөзінше, интернет қолданушылардың 90% астамы фишингтік сайттарды ажырата алмайды. Салдарынан, тек биылғы жылы алаяқтар халықтан 15 млрд теңге ұрлаған.
Артур Нұрғожаев, cтартап жобаның техникалық директоры:
- Фишингтік сайттар секунд сайын іске қосылады. Мәселен, күні кеше бұғатталған күннің өзінде, бір әрпін өзгертсе - іздеу жүйесінде қайтадан шыға келеді. Ал біздің стартап жүйеміз оларды нейрожелі арқылы анықтап, нағыз сайтпен салыстырып, бұғаттайды да, алаяқтардың арбауына түспеуге жәрдемдеседі.