Өскеменді көк түтін басып тұр
Дегенмен экологтар бұны жоққа шығарды. Айтуларынша, қалада қолайсыз метеожағдай байқалғанына төрт күн болған. Ауадағы күкірт қышқылы тиісті мөлшерден 4 есе жоғары. Алқатты аяздан су көздері буланып, тұман пайда болған. Оған автокөлік пен өндіріс ошақтарынан, жекеменшік үйлерден шыққан түтін араласып, жағдайды ушықтырып жіберген.
Данияр Әлиев, облыстық Экология департаментінің басшысы:
-Қазіргі күні өз алдына өндірістік бақылау департаментімен сол жерде тексеріс қарастырып жатырмыз. Оның ішінде ешқандай апаттық жағдай анықталған жоқ, сонымен қатар қазіргі күні біз сұраныс хаттар жібердік, сол бойынша келешекте ақпарат беретін боламыз.