Екібастұзда барлық үйлер жылумен қамтылды
Арнайы комиссия 9 күндей жылусыз отырған әр үйді аралап, халықтың жағдайымен танысты. Тұрғындардың айтуынша, жылу біртіндеп беріліп жатыр. Сондай-ақ жаңа жылу трассасының құрылысы басталды. Диаметрі 426 мм, ұзындығы 120 метрлік құбыр Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойымен өтеді. Құрылысты екі күн ішінде аяқтау жоспарланған.
Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:
- Бұл шешім бізге қысқа мерзімде айналасы 5 сағатта құбырды ауыстыруға мүмкіндік береді. Қазір барлық дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Жеңіс Бейсенбиев, қала тұрғыны:
- Екі күн болды жылу бергеніне осы залға. Қазір енді ас үй қалды болды.