Хабар телеарнасы

БҚО-да жол апаты жиіледі

Қара жолдың бойында тіркелетін оқыс оқиғалар саны өткен жылмен салыстырғанда 17% көбейіп кеткен. Мамандардың айтуынша, бұған көктайғаққа қарсы қоспаның уақтылы себілмеуі, жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асыруы - басты себеп. Автожолдарды күтіп ұстауға қажетті арнайы жол техникасы да жетіспейді. Аймақтағы республикалық маңызға ие жолдың жалпы ұзындығы 1 жарым мың шақырым. Оның басым бөлігіндегі қысқы күтіп-ұстау жұмыстарын «ҚазАвтоЖол» компаниясы атқаруы тиіс. Бұл мақсатқа қазынадан 160 млн теңге қаржы бөлінген.

Қазбек Мәмбетов, «Қазавтожол» ҰҚ АҚ БҚО филиалының директоры: 
- 46 дана қысқы ұстау үшін техника бар. Оған қоса жолдарды күтіп ұстау үшін тағы да 22 техника жалға алынып жатыр. 14 мың тонна құмды тұзды қоспасы дайындалды. Оның қазіргі уақытқа дейін 3 мың тоннасы шашып тастады жолдарға.