2025 жылы жасанды интеллект ұлттық орталығы іске қосылады
Еліміз жасанды интеллектіні енгізу бойынша әлемдегі үздік 50 елдің қатарына қосылды. Мемлекет басшысы халыққа арнаған биылғы Жолдауында Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданылатын елге айналуға тиіс екенін айтып, бірқатар тапсырма берген. Соған сәйкес келесі жылы eGov порталында жасанды интеллект технологиялары енгізіледі. Адамның жан толғанысы мен сезімін түсіне қоятын жасанды жады бүгінде қай салалада жұмыс істеп тұр?
Құралай Жұмахан, тілші:
- Тіпті Астанадағы ХҚО-да бүгінде ЖИ бойынша виртуалды көмекші жұмыс істеп тұр. Ол пилоттық режимде іске қосылған. Қазіргі кезде 4 бірдей анықтаманы алуға болады. Және ұзын-сонар кезекте тұрмай-ақ талонды да береді екен. Біздің сөзімізді түсіне ме, қандай команда орындайды, қандай анықтама береді?
Айгүл Тілегенова, бірыңғай байланыс орталығының директоры:
- Виртуалды ассисент сізбен қазақ немесе орыс тілінде тікелей сөйлесе береді. Оның артында жасанды интеллект тұр. Пилоттық жобаны толық тексеріп, іске қосылу 2025 жылға жоспарлап отырмыз. 2025 жылы сіз бұл виртуалды ассисент арқылы тек анықтама ғана емес, басқа да мемлекеттік қызмет түрін ала аласыз. Ол анықтамадан бөлек, консультация болуы мүмкін.
Бүгінде eGov.kz порталы қазірдің өзінде барлық мемлекеттік қызметтер мен сервистердің 90%-дан астамын автоматтандырды. Ал оны пайдаланушыларының саны 14 миллионнан астам азаматты құрайды. 2024 жылы eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында 40-тан астам жаңа қызметтер іске асырылды.
Надир Құрымбаев, ҚР ЦДАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары:
- Оның ішінде құмар ойындарынан бас тарту. Бастапқы деңгейде 1 жылдан 6 айға дейін болса, қазір 10 жылға дейін бас тартуға болады. Басқа жерге қоныс аударған кезде бұрын мектептен анықтама алып, тұрғылықты мекенжайға ұсыну керек болатын. Қазір ол автоматтандырылды.
Иә, бұл – жасанды интеллект арқылы жер қойнауын зерттеуге арналған құрылғы. Ол көптеген күнделікті міндеттерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Енді елімізде арнайы білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді. Мұны Ғылым және жоғары білім министрлігі дайындайды.
Бұдан бөлек, өңір әкімдерімен бірлесіп, келер жылы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасанды интеллект құралдарына оқытылады.
Қаныш Төлеушин, ҚР ЦИАӨМ бірінші вице-министрі:
- Президент ЖИ орталығын ашу туралы тапсырма берген болатын. Біз оны келесі жылы қыркүйек айында ашатын боламыз. Оның ішінде бірнеше бағдарламалар бар, адам капиталын даярлау бойынша Астана Hub қазір бар интрументпен енгізетін боламыз.
Құралай Жұмахан, тілші:
- 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында қосымшалар арқылы 33 миллионға жуық қызмет көрсетілді. 90% қызмет смартфондарда қолжетімді. 2024 жылы QR кодтары арқылы 8 млн қол қойылған. Бұл да болса халықтың цифрлық платформаларды едәуір игергенін көрсетеді. Енді өмірімізге жасанды интеллект те дендеп еніп келеді. Бұл жұмысымызды жеңілдетіп, мәселені аз уақытта шешуге сеп болмақ.
Құралай Жұмахан, Азамат Сәметов