Қарағанды облысында жолда қалған жүзден астам адам құтқарылды
Облыс аумағында әлі де дауылды ескерту сақталып отыр. Барлық бағыттағы жолдар кезең-кезеңмен ашылып жатыр. Дәл қазіргі кезде тек Қарағанды-Балқаш бағытындағы жол жабық. 600-ге жуық көлік тоқтатылған. Жүргізушілер мен жолаушылардың басым көбі Балқаш қаласына қарай бағыт алғандар. Жалпы күн күрт бұзылғалы облыс аумағында 300 адам құтқарылып, 90-ға жуық көлік қар құрсауынан шығарылды. Өңірде екі тәулікте бір айлық норманың қары жауған.
Садур Матикубов, Өзбекстан азаматы:
- Біздің қасымызда кәмелетке толмаған 3 бала бар. Ташкент қаласына баруымыз керек болған. Ресейден шығып, Қарағанды облысына келген кезде қарда тұрып қалдық. Бірден ТЖ-ға хабарластық. Тез арада келіп, бәрімізді құтқарып алды. Алғыс білдіреміз.