Ақтаудағы жарылыс: зардап шеккен науқастардың жағдайы өте ауыр
3 азамат жарақат алды. 19 және 36 жастағы екі ер адам облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқастардың тыныс алу мүшелері мен денесінің 65% күйген. Зардап шеккен 51 жастағы үшінші азамат травматология бөлімінде жатыр. Ақ халаттылар жағдайы ауыр науқастарға Астана мен Алматыдағы әріптестерімен ақылдаса отырып, ем шараларын жүргізуде. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр және осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Самалбек Жұмағұлов, травматолог-дәрігер:
-Кеше 19:30 шамасында 29А шағын ауданнан бізге хабар келді. Біздегі «қызыл аймаққа» жағдайы ауыр 2 науқас келді. 19 жастағы бала, біреуі 72 жылғы. Жағдайлары өте ауыр. Өзбекстан азаматтары. Дәрі-дәрмектерін алып жатыр. Барлығы бар. Ал травматология бөліміндегі науқастың жағдайы тұрақты.