Ауылдықтарға жеңілдетілген несие алу мейлінше қолжетімді болады
Жылдық үстемесі небәрі 2,5% болатын мұндай қарыз алдымен Ақтөбе облысында берілді. «Ауыл аманаты» деп аталатын жаңа жобаны жүзеге асыруға биылдың өзінде 52 млрд теңге қарастырылса, алдағы 7 жылда ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға 1 триллион теңге бөлу жоспарланған.
Ерлан Қошанов, AMANAT партиясының төрағасы:
-Ауылға деген көзқарасты түпкілікті өзгертетін уақыт келді. Сондықтан Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауыл мәселесін бірінші кезекке қойып отыр. Басталғалы отырған «Ауыл аманаты» жобасы да осының дәлелі. Міне, бұл, ауыл халқының тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға бағытталған нақты жоба.