Шардара ауданында көмір бағасы шарықтап кетті
Тіпті, тұрғындар көмір сататын орындарды күзетуге көшті. Себебі қатты отынды ақшаға таппай жүргендер көп. Осылайша 80 мың халқы бар қала көмірсіз отыр. Ал сатушылардың өз уәжі бар. Көрші аудандардан тасығандықтан бағасы да қымбат. Шұбаркөлден көмір келмей, мәселе шешілмейтінін жергілікті билік мойындап отыр. Өйткені биыл темір жолмен келетін қатты отынның көлемі күрт азайған.
Күләш Сапарбаева, Шардара қаласының тұрғыны:
-Биыл көмір қымбат. 40-тан 45 деп жатыр. 45-ке де бермеймін деп жатыр міне. Үйде екі мүгедегім бар. Көмірім қалмады. Көмір іздеп келсем, камазда көмір тұр, сатылмайды дейді. Қыстың күні көмір бар, етіміз бар, жарық, суымыз бар. Ақша артылмайды, алтынды өткізіп, көмір алайық деп тұрмыз.
Олжас Айдосов, Шардара қаласының әкімі:
-2-3 көлікті Арыс қаласына ұйымдастырдық. Негізі барлық топбаздарда кезек болып жатыр. Біздің барған камаздарымызды былай айтқан кезде онша кіргізбей, қайтып неғылып жатыр. Жетісайдан тасып жатырмыз, Сарыағаштан тасып жатырмыз.