«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы: 3 жылда 401 мектеп салынады
Бағдарлама бойынша өңірлердегі тас өндіретін 15 кәсіпкерлік нысан сапалы өнімдерін мектеп құрылысына ұсынып, қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Жоба апатты және үш ауысымда оқитын мектептерді және орын тапшылығын жоюға бағытталған. Жоспар бойынша 2025 жылы заманауи үлгіде салынған білім ошақтарында 800 мыңнан астам оқушы білім алады деп жоспарланып отыр.
Нұрлан Сақуов, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жауапты хатшысы:
- Енді мектеп болғандықтан көп тауарлар сатып алынады, көп тауарлар керек болады осы мектепті құру үшін. Сондықтан бірінші отандық кәсіпкерлерді, отандық тауарларды алу осыларға қолдауға ұсыныс бердік. Үкімет қолдады. 1,6 триллион бюджет бар.