Арыста әкімдік тасқынның алдын алу шараларын қолға алды
Ал Арыс қаласы мен оның айналасындағы елді мекендерде жағдай тұрақты. Еріген қар және жаңбыр суы Қабылсай өзенге құйып жатқандықтан, ондағы су деңгейі көтерілген. Сондықтан әкімдік тасқынның алдын алу шараларын қолға алды. Бұл жөнінде Арыс қаласының әкімі бізге телефон арқылы хабарлады. Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, аталған жұмыстарға жергілікті тұрғындар да белсенді атсалысып жатыр.
Гүлжан Құрманбекова, Арыс қаласының әкімі:
-Қар суларының, жаңбыр суларының көп болуына байланысты Арыс қаласы бойынша Арнасайдан үлкен су өтті. Ол Арыс өзеніне қарай өтеді. Дайындық бойынша үйлерге сулар өтпеу үшін қапқа салынған құмдар қойылды. Эксковатормен Арнасай, Қабылсайлар тереңдетілді. Бүгінгі таңда жағдай қалыпты.