Қазақстан онлайн-сервистердің қолжетімділігі жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына енді
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық одағы елдерінің Digital Almaty Қазақстан онлайн-сервистердің қолжетімділігі жөнінен әлемдегі үздік 10 елдің қатарына енді форумында айтылды. Еліміз цифрлық технологияларды дамытуға барынша күш салып келеді. Мұның бір ғана дәлелі — «Егов» электронды үкімет порталы. Ол арқылы азаматтарда мемлекеттік қызметтерді оңай әрі тез алуға мүмкіндік пайда болды. Ал одақ елдерінің IT нарығын дамытуға «Astana Hub» технопаркі таптырмас алаң. Жиында байланыстың қолжетімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ, трансшекаралық электрондық құжат айналымын дамыту тақырыптары да сөз болып, одақтан елдерге цифрлық көлік құжаттарына көшу ұсынылды.