Еліміздегі ең лас қалалар тізімі жарияланды
Экологиялық мониторинг нәтижелері бойынша, оған Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен және Шымкент қалалары еніпті. 2022 жылы елімізде ауаға 4,2 млн тонна зиянды қалдық тараған. Мамандардың айтуынша, бұл оған дейінгі жылдардан 2-3% төмен. Жекелеген кәсіпорындар өз өндірісіне жаңа технологияларды енгізу арқылы осындай көрсеткішке жеткен. Жалпы, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін зауыт-фабрикалар жыл сайын өз есебінен, табиғатты қорғау іс-шараларына бағытталған жұмыстарды орындауға міндетті. Негізі бізде ауаның ластануы 3 фактор себебінен орын алуда. Олар жылу электр орталықтары, ірі өндірістік кәсіпорындар және инфрақұрылымдық жүйелердің тозуы. Ахуалды реттеу үшін арнайы жол картасы қабылданған.