Павлодарда құтқарушылар екі күн қатарынан оқу-жаттығу шараларын өткізді
Мұз үстінде жүру қауіпті. Бұған күннің күрт жылынып, қардың жаппай еруі себеп болған. Сценарий бойынша Ертістің арғы жағалауына балық аулауға кеткен 4 адам құтқарылды. Қалың тұманда адасқан балықшыларды іздеуге 36 адам мен иісшіл иттер жұмылдырылды. Мұндай оқу-жаттығулар құтқарушылардың біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасу үшін қажет.
Серік Шериязданов, ТЖД Жедел құтқару басқармасы бастығының орынбасары:
-Қалыңдығы 65, 50 см болса да адамның салмағын көтере алмайды, опырылып кетуі мүмкін, өте қауіпті. Сол себептен көбінесе осы әуесқой балықшыларға түсініктеме жүргіземіз. Кейбіреулері тыңдайды, түсінеді өте қауіпті екенін. Кейбіреулері әсіресе мына үлкен адамдар олар тыңдамайды.