Көктемгі су тасқынына дайындық күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналды
«Себебі биыл қауіп күшті», – дейді мамандар. «Қазгидрометтің» мәліметі бойынша бірқатар өзендерде ылғал жылдағыдан едәуір көп. Мәселен, қазір Нұра өзенінде қар жамылғысы 47%-ке, Есілде 24%-ке, аты шулы Жабай өзенінде 12%-ке жоғары. Ал еліміздің шығысы, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында таулы жерлерде ақ ұлпа орташа есеппен 30-дан 80%-ке дейін көп түскен. Бұдан бөлек оңтүстік өңірлерге Шардара су қоймасы мен Көксарай су реттегішінен қатер төнуі мүмкін. Себебі екеуі де қазір толуға жақын. Жергілікті әкімдіктер мен төтенше жағдайлар саласының әзірлігін Сенатта талқылады. «Жауаптылар қандай жағдайға болсын дайынбыз, тиісті жұмыстар жасалып жатыр», – дейді.
Мереке Пішембаев, ҚР ТЖ вице-министрі:
- Күрделі жағдай қазір біздің мынау Қызылорда облысы мен Түркістан облысында. Жаңа естідіңіз өздеріңіз, Көксарай, Шардара деп жатырмыз. Бірақ бұның бәрі қатаң бақылауда. Мен ойламаймын, аса бір қауіпті жағдай болады деп. Солтүстік облыстар бойынша марттың аяғында, сәуірдің басында басталады.