Оралдықтар мамыр айынан бастап Саратов облысына пойызбен қатынай алады
Бұған дейін ол жаққа баратын жолаушылар орта жолдан тоқтап, басқа пойызға отыруға мәжбүр болатын. Діттеген жерге жету үшін 6 сағаттай уақыт жоғалтқаны тағы бар. Такси қымбат, ал автобус ұзақ жүреді. Аталған өңір ресейдің бес бірдей облысымен шектесіп жатыр. «Алматы-Орал» мен «Астана-Орал» бағытында да өзгерістер бар. Енді алғашқысы тек тақ күндері қатынаса, екіншісі жұп күндері жолға шығады.