Ақтөбе облысында полицейлер су басқан үйлерді күзетуге кірісті
Бұл тұрғындардың мүлкін ұры-қарыдан қорғау үшін керек. Елді мекендегі 51 үй мен дәмхана, спорттық-сауықтыру кешені мен мектеп ауласын су басқан. Зардап шеккендер аудандық аурухана ғимаратына эвакуацияланды. Өңірде төтенше жағдай жарияланды. Мамандар су жағалауын бекіту жұмыстарын жалғастырып жатыр. Шығын көлемі жер кепкеннен кейін есептеледі.
Құмар Тұрмағамбетов, облыстық ТЖД басқармасының бастығы:
- Қобданың өзінде 128-ден астам адам, 34 бірлік техника, 9 су айдау техникасы және 4 қайық басында тұр. Қазіргі ең маңызды істеп жатқан жұмыстар ол жаңағы инерттік материалдармен, қаптармен шеткі үйлерді нығайту, қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.