Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданында тасқын қаупі сейіле бастады
22-23 наурызда «Ойыл өзені күрт көтерілуіне байланысты «Аққора» ауылына су тақаған. Алайда төтенше жағдайлар департаменті мамандары тасқынның алдын алды. Жалпы аудан бойынша қауіпті аймақтар бақылауға алынған. «5 ауылды су шайып кету қаупі жоғары», — дейді мамандар. Дегенмен Ойыл өзенінің деңгейі 20 сантиметр төмендеген.
Жантөре Демешов, облыстық ТЖД бөлім бастығы:
-Аққора ауылы маңындағы қауіп төнген себепті дамбы соғылды. Кейіннен «Көздіқара» «Тайсойған», «Тасшағыл» ауылдық округтерінде 18 шақырым болатын дамбыларды көтеру жұмыстары жүргізілді. Аталған елді мекендердің айналасына су келді, бірақ ауылды су басу фактісі орын алған жоқ.