Елімізде 11 мың шақырымнан астам жол жөнделеді
Олардың 7 мыңдайы республикалық, ал 4 мыңы жергілікті маңыздағы жолдар. Мұны Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Осылайша жыл қорытындысы бойынша талапқа сай келетін жолдардың үлесі республикалық желі бойынша - 92, ал жергілікті желі бойынша 87% жеткізіледі. Сондай-ақ осы жылдың соңына дейін «Орталық – Оңтүстік» дәлізі бойынша жол учаскелері ашылады. Яғни Қарағанды облысы мен Алматы аралығындағы күре жолда қозғалыс қалыпқа келтіріледі. Одан бөлек қазір Қызылорда – Жезқазған, Талдықорған - Өскемен, Ақтөбе-Атырау-Астрахан бағытындағы және Батыс Қазақстан облысының бірқатар жолдарында жөндеу жүріп жатыр.
ҚР ИИДМ комитет төрағасы:
- Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын көбейту бойынша да тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір республикалық трассаларды жағалай 1600-ден астам осындай нысан орналасқан. Ал биыл жанармай құю бекеті, дәмхана секілді тағы 78 орын іске қосылады. Сондай-ақ осы жылы қосымша 25 санитарлық-гигиеналық нысан салу жоспарда бар.