Қарағандыда сот шешімімен 7 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы тоқтатылды
Бұл компаниялардың ешқайсында баспана салуға тиісті құжаты болмаған. Қазір тағы үш үйдің мәселесі қаралып жатыр. Мамандардың айтуынша, олар жұмысқа кіріспес бұрын мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына электронды үкімет веб-порталы арқылы хабарлама беруі қажет. Алайда кезекті мониторинг барысында 10 үйдің құрылысы рұқсатсыз басталып кеткені белгілі болды.
Гүлбахрам Мұқашева, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы:
- Сотқа материалдарды жібердік. Егер тех обследованиенің заключениесінде барлығы құрылыс нормаларына сәйкес салынған, қолданысқа жарамды деген шешім ол әрі қарай құрылысын жалғастыра алады. Ал егер қолданысқа жарамсыз дейтін жағдайда онда әрі қарай уже сот арқылы сносқа кетуі мүмкін.