Хабар телеарнасы

Қарағандыда қан тапшы

Сондықтан медицина қызметкерлері жаппай қан тапсырып жатыр. Бірінші болып облыстық клиникалық аурухана дәрігерлері донор болды. Қан орталығының мамандары қаладағы әр емдеу мекемесіне өздері барып, еріктілерден плазма алып жатыр. Айтуларынша, әсіресе бірінші және екінші топтағы оң және теріс резус-факторлы қан жетіспейді. 

Балжан Темірәлиева, қан орталығының дәрігері:
-Орталықта мысалы, бірінші теріс резус-факторлы қан 25 дозадан, ал екінші теріс резус-факторлы қан 17 дозадан кем болмауы тиіс. Қазір біз қорымызды бұл көрсеткішке жеткізе алмай отырмыз. Сондықтан сыртқа шығып, акция ұйымдастыруға мәжбүрміз. Бірақ 100 адам тапсырса, соның тек 3-5% ғана теріс резус-факторлы болуы мүмкін. Донорлар бізге ауадай қажет.