Хабар телеарнасы

Балқаш тұрғындарының ауызсусыз отырғанына бір тәуліктен асты

Қалаға тіршілік нәрін жеткізетін «Тоқырауын-Балқаш» магистральды құбыры жарылған. Коммуналдық қызмет құбырды қалпына келтіру жұмыстарына кірісті. Шаһарда 80 мың адам тұрады. Әлеуметтік нысандарға су көлікпен тасымалданады. Бүгінде құбырдың 75% тозған. Биыл қалаішілік 30 шақырым құбыр ауыстырылады. 

Темірхан Айдарханов, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары:
-Қалада негізгі құбыр жарылған 800-дік диаметрі. Соның ортасында бізде құдық бар. Соның ішінде қалпына келтіретін ысырмасы бар. Сол жарылып кеткен. Қазір құдықтың ішінде откачка жұмыстары жасалып жатыр.