Хабар телеарнасы

Павлодарда саябақ аумақтарын абаттандыру науқаны басталады

Субұрқақтар, спорттық алаңдар мен демалыс аумақтары ретке келтіріледі. Сонымен қатар ондаған шағын футбол алаңы салынады. Биыл туристер мен тұрғындардың сүйікті орны – орталық жағалау да жаңа кейіпке енбек. Жағалау аумағынан бірнеше павильон бой көтеріп, кәсіп ашуды мақсат ететін азаматтарға конкурстық негізде жалға беріледі. Жуық арада кәсіпкерлер арасында байқау жарияланбақ. Жыл бойы жұмыс істейтін шағын ғимараттар бизнесмендерге сенімгерлік басқару негізінде ұсынылады. 

Батыр Мұталапов, қалалық кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы:
-Кәсіпкерлерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кем дегенде бес жұмыс орны ашылуы тиіс. Бизнесмендер санитарлық және өрт қауіпсіздігі талаптарын орындаулары шарт. Олардың қызмет көрсету сапасы мен бағасы тұрақты түрде тексерілетін болады. Сонымен қатар павильондарда бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері орнатылуы керек .