Ақтөбе облысында 40 елді мекен жарықсыз отыр
Демалыс күндері қар аралас жаңбыр жауып, дауыл күшейген. Қатты желден бағаналарға зақым келіп, электр желілері үзілген. Ең көп зардап шеккен Мәртөк ауданы. Мұнда 30-дан астам ауылда жарық сөнген. Қазір соның 10-ы қуат желісіне қосылды, қалған 20-сына әлі күнге берілген жоқ. Аудан орталығының өзінде электр қуаты кестемен, сағаттап беріліп отыр. Жалпы мұндай апат 7 ауданда тіркелген.