«Ақбөкен» табиғатты қорғау шарасы басталып жатыр
Қазақстан бойынша 203 мобильді топ құрылды. Оның құрамында эколог мамандар мен тәртіп сақшылары бар. Іс-шара барысында аңшылық-шаруашылықтар, ормандар мен жануарларды қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің аумақтары, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тексеріледі.