Қардың қызығын диқандар көріп жатыр
Өйткені Ақмола облысында соңғы күндері түскен қалың қар егіс алқабына оң әсер еткен. Сала мамандарының айтуынша, көп мөлшердегі жауын-шашын алдымен топырақтағы ылғалдылықты молайтқан. Әсіресе Жақсы, Жарқайың, Есіл мен Сандықтау аудандарында түскен қар көлемі айлық нормадан асады. Аргарлы аймақ қазір көктемгі егіс науқанына қызу дайындық үстінде. Осы жылы облыс бойыша 5,2 миллион гектар алқапқа дән сіңіру жоспарлап отыр. Ал егіс науқаны мамыр айының ортасынан басталады деп жоспарланған.
Қасым Итқұсов облыстық, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
-Құбылмалы ауа-райы жоспарға өзгертулер енгізді. Бұл өз кезегінде егіс алқаптарына жақсы әсер етеді. Себебі біз жыл сайын сәуір айының соңында алқапқа ылғал жабамыз. Ал жылдағы дәстүрге сай осы жылы көктемгі егіс науқанын 15 мамырда бастап, маусымның бас кезінде аяқтауды жоспарлап отырмыз.