Ауа сапасы қашан жақсарады?
Еліміздегі ауа сапасын қалай жақсартуға болады? Бұл сауалды Үкімет басындағылар, азаматтық қоғам және халықаралық даму ұйымдары бірлесе көтерді. Көміртегіне тәуелділікті азайту, газға көшу, қоғамдық көліктердің сапасын жақсарту мәселесі қаралды. Себебі Қазақстанда жыл сайын ауаның ластануынан 10 мың адам мезгілсіз дүниеден озады. Ал ел экономикасына келген шығын көлемі — 10,5 миллиард доллар. Арнайы зерттеудің нәтижесінде басты қауіп өндіріс орындарынан емес, тұрғын үйлерді көмірмен жылытудан туындап отырғаны анықталды. Мәселен, Астана мен Алматыда 2,5 микрон болатын ауа сапасы қыс мезгілінде 17 есеге дейін өскен.