Алматы облысындағы 60 пәтерлі қос үй халық игілігіне әлі тапсырылмады
Құрылысқа мемлекеттен 240 млн теңге бөлінген. Ішкі жұмыстары аяқталды. Алайда ауласы абаттандырылмаған. Аудандық құрылыс бөлімі бұл іске мердігер жауапты деп отыр. Баспана көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларына, бюджеттік сала қызметкерлеріне беріледі. Одан бөлек, 120 пәтерлі төрт үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы ауданда 5 мың адам баспана кезегінде тұр.
Аян Ыдырысов, Еңбекшіқазақ аудандық құрылыс бөлімінің бас маманы:
- Биыл 2023 жылдың тамыз айының аяғында пайдалануға беріледі. Жобаның құны 1 млрд. 800млн. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес. Ешқандай кедергі жоқ