Жыл басынан бері елордада үш мыңға жуық неке рәсімделген
Есіл ауданының өзінде ай сайын орташа есеппен үш жүзге жуық жұп тіркеледі. Халықаралық отбасы күніне орай алты неке куәлігі берілді. Жаңа өмірге алғашқы қадамдары ерекше басталған жас жұбайлардың есте қалар сәті - Бәйтерек монументінде ұйымдастырылған. Қазір Астанадағы отбасын құратындардың орташа жасы 25-30-ға жеткен.
Айбол Нарманов, қала тұрғыны:
- Әкімшілік келеді деп. Басқа кісілер келеді деп білген жоқпыз. Барлығы күтпеген жерден болды. Қуаныштымыз. Енді отбасы құрып жатқан жастарымызға отбасылары мықты болсын. Қуанышты күндері көп болсын. Тек қана алға.