Хабар телеарнасы

Шетел азаматы 15 жылға сотталды

Шымкентте қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған шетел азаматына қатысты сот үкімі шықты. Айыпталушы қылмыстық заңның бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тергеу кезінде 1973 жылы туған Өзбекстан азаматы бұл іске қаржылық қиындыққа тап болғандықтан барғанын жеткізген. Ол бұған дейін Ресей Федерациясында кісі өліміне қатысты сотталғаны белгілі болды. Еске сала кетейін, айыпталушы биыл ақпан айында шаһардағы аңшы дүкеніне шабуыл жасаған. Салдарынан күзет қызметінің екі адамы дене жарақатын алған еді.