Хабар телеарнасы

Ветеринарлық және орман шаруашылығында мамандар тапшы

Себебі жалақы өте төмен. Тозығы шыққан техниканың жайы тағы бар. Сондықтан диплом алса да, өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге құлықсыз. Алдын-ала болжамға сай, елордадағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде оқитын студенттер саны 4 мыңға жуықтайды. Олар орман және су, ветеринарлық, агрономдық және техникалық 19 бағыттағы мамандықтың біріне қабылданады. Үздік студенттер Франция, Германия, Венгрия, Польша, Қырғызстан мен Өзбекстанға оқуға жіберіледі.

Роза Әбішова, С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАТЗУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры:
-Аргономия, агроинженерия, агротехникасыз жұмыс жасай алмайды. Шығып жатқан маман ертең елге пайдасын келтіретін, экономикалық құзыреттілігін білмесе, ол да болмайды. Бізде көп білім беру бағдарламалары пән арасындағы байланысы бар. Практикаға бағытталған, өндіріске бағытталған білім беру бағдарламалары.

Гүлназ Балтабаева, 11-сынып оқушысы:
-Бүгінде біраз ақпараттар алдым. Қазіргі таңда университет зерттеу атауын алған болатын. Соның өзі де маған ұнады.