Хабар телеарнасы

Семейдің орманын сақтап қалу енді жаңа министрге жүктеледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сырым Шәріпханов Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалды. Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің отырысында Шәріпхановтың кандидатурасы келісілген болатын. Ол 2021 жылдың 3 қыркүйегінен бүгінге дейін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының бастығы қызметін атқарған. Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Юрий Ильин Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылған еді.