Абай облысындағы өртті жою үшін қажетті техникалық және адами ресурстардың барлығы жұмылдырылған
Абай облысындағы өртті жою үшін қажетті техникалық және адами ресурстардың барлығы жұмылдырылған. Бұл туралы Үкіметте өткен кеңесте Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. Ол қосымша техника мен қызметкерлердің өрт сөндіру орындарына жедел жетуін қамтамасыз етуді талап етті. Сондай-ақ министрліктерге төтенше жағдайдан зардап шеккен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету мәселесін пысықтауды, уақытылы медициналық көмек көрсетуді, қоғамдық тәртіпті сақтап, тұрғындар мүлкін қарауды тапсырды.