«Семей орманы» қызметкерлерінің жалақысы өседі
1 шілдеден бастап «Семей орманы» орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты. Зүлфия Сүлейменованың сөзінше, алдағы 4 жылда орманшылардың материалдық-техникалық базасын түгел жаңарту жоспарланған. Салаға бөлінетін қаржы да ұлғаймақ. Еске салайық, бүгінде елдегі орман шаруашылығына 8,1 млрд теңге бөлінген.