Шемонаихадағы жарылыс: зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды
Шығыс Қазақстанда газ баллондарын толтыру стансасында болған жарылыстан зардап шеккен екі адам ауруханада көз жұмды. Денесінің 15-20% күйік шалған тағы екі азамат аудандық хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонаихада газ баллон толтыру бекетінда жарылыс болып, 4 адам ауруханаға түсті. Қазір жарылыстың себебі анықталып жатыр. Облыс билігі жарақат алғандар мен қаза тапқандардың отбасыларына қолдау көрсетуге уәде берді.
Қостанай облысында қызылша ауруы өршіп тұр. Соңғы 10 күнде осы жұқпалы дертке шалдыққандар саны екі есе артқан. Ресми мәліметке сүйенсек, өңірде 42 адамнан қызылша анықталды. Оның басым бөлігі Қостанайда тіркелген. Қауіпті індетке шалдыққандардың дені балалар. Және олардың көбі дертке қарсы екпе алмаған. Ауру ошақтарында эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды.
Шымкентте 1,4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. 232 мың теңгеге доп, 74 млн-ға нан, 446 млн «Өзін-өзі тану» кабинеті – осының барлығын мемлекет ақшасына сатып алу жоспарланған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті мемлекеттік сатып алуды тексеріп, осындай олқылықтарды анықтаған. Соңғы «алтын» тендерді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жариялаған. Олар бір данасы 700 теңге тұратын қорғаныш костюмдерін 6 000 мыңнан сатып алмақ болған. Алайда бұған жол берілген жоқ. Департаментке бюджет қаражатын тиімді пайдалану туралы ұсыныс хат жолданды.